ҚКТЖК » Жаңалықтар » “ИМАНДЫ ҰЛ, ИБАЛЫ ҚЫЗ-ЕЛДІҢ КӨРКІ”

“ИМАНДЫ ҰЛ, ИБАЛЫ ҚЫЗ-ЕЛДІҢ КӨРКІ”

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында СОБ-21/9 «Сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау құрылғыларына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі электрмонтері»  тобының жетекшісі Э.Қонысбай мен колледж психологы А. Мәлікұлының ұйымдастырумен «Иманды ұл, ибалы қыз-елдің көркі» тақырыбында ашық тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағатының мақсаты-студенттерге адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын білуге үйрету. Шара барысында адамгершілік қасиеттер туралы мәлімет беріліп, білім алушыларға мақалдың жалғасын табу үшін "Жалғасын тап" ойыны, сұрақ-жауап, жағдаяттық сұрақтар қойылып, "Пирамида" сергіту сәті жүргізілді. Ашық тәрбие сағатына директордың тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Алпысбайқызы қатысып, ашық тәрбие сағатына өте жақсы деген баға берілді.




28 ақпан 2024 ж. 3