ҚКТЖК » Жаңалықтар » “АЛҒЫС АЙТУ-АСЫЛ ҚАСИЕТ”

“АЛҒЫС АЙТУ-АСЫЛ ҚАСИЕТ”

Алғыс айту күні-ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған күн. Бұл күн-бейбітшілік пен келісім саясатының толыққанды қалыптасқандығын көрсететін салтанатты мереке. Сонымен қатар, түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Осы орайда, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 1 наурыз-Алғыс айту күні мерекесіне орай арнайы пән оқытушысы А.Терекбаеваның ұйымдастыруымен “Алғыс айту-асыл қасиет” атты таным сағаты болып өтті. Шара барысында студенттер қауымы ата-аналары мен ұстаздарына шынайы алғысын жеткізді.



29 ақпан 2024 ж. 0