ҚКТЖК » Жаңалықтар » ОБЛЫСТЫҚ ВЕБИНАР

ОБЛЫСТЫҚ ВЕБИНАР

Қызылорда облыстық оқу орталығының  (әдістемелік кабинет) жылдық жоспарына сәйкес «Цифрлық кітап жасауда қолданылатын онлайн сервистер» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының инженер-педагогтарына арналған зум платформасында вебинар ұйымдастырылды.  Вебинарда Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі әдіскері Г.Сарсенбаева мен шет тілі пәнінің оқытушысы А.Ерсайын баяндама жасады. Арнайы пән оқытушысы М.Жакипова, Э.Махановамен  бірлесіп әзірленген «Вагонның жүріс бөлігі» және шет тілі пән бойынша әзірленген «Жұмыс дәптері» электронды кітабының “Heyzine Flipbook”платформасында жасалу әдісі баяндалды.  Вебинар соңында Қызылорда облыстық оқу орталығы  кәсіптік білім бөлімінің меңгерушісі Б.Қыдырхожақызы және әдіскері Ұ.Жетібайұлы Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі ұжымының әдістемелік жұмысына оң баға беріп, шығармашылық табыс тіледі.


28 ақпан 2024 ж. 1