ҚКТЖК » Жаңалықтар » НАҚТЫ ҒЫЛЫМ-ДҮНИЕ КІЛТІ БҮГІНДЕ” нақты ғылым бірлестігі апталығының ашылуы

НАҚТЫ ҒЫЛЫМ-ДҮНИЕ КІЛТІ БҮГІНДЕ” нақты ғылым бірлестігі апталығының ашылуы

   4 наурыз күні Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде нақты ғылым бірлестігінің ұйымдастыруымен “Нақты ғылым-дүние кілті бүгінде” атты апталықтың ашылу салтанаты болып өтті. Апталықтың мақсаты: математика, информатика және физика, химия, биология сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи  тәсілдерін қолдана отырып студенттердің білім алуға қызығушылығын арттыру, ой өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.                                                                                            Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Себебі математикалық білімі мықты, ақпарттық сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Апталықтың ашылуы барысында көрме ұйымдастырылып, білім алушылар мен ұстаздарға сұрақ жауап ойындары ойнатылды. Директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары С. Нұралы апталықтың ашылу жиынында сөз сөйлеп, алдағы өтілетін іс-шараларға сәттілік тіледі.


04 наурыз 2024 ж. 6