“ПОЛИЭТИЛЕН ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫН ЖЕРАСТЫ ТӨСЕУ ЖАБДЫҚТАРЫ,ТАЛАПТАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ"
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде арнайы пән оқытушысы А.Б.Даулетиярова №Г-21/9 “3W07321201-Газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесарі” тобына “Полиэтилен газ құбырларын жер асты төсеу жабдықтары, талаптары және әдістері” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: полиэтилен газ құбырларын жер асты төсеу жабдықтары, талаптары және әдістерін жете меңгерту. Топ студенттері «Болат» және «Полиэтилен құбырлары» болып екі топқа бөлінді. Ашық сабақта интерактивті панель бойынша слайд көрсетілді. Әр студентке бағалау парағы таратылды. Үй тапсырмасы wordwall платформасы арқылы сұралып, студенттерге «Сәйкесін тап», «Блум кубигі» әдістері арқылы топтаса отырып орындауға арналған тапсырмалар берілді. Жаңа сабақты түсіндіру барысында полиэтилен құбырларының түрлері, дәнекерлеу әдістері туралы видеороликтер көрсетілді. Жаңа сабақ тест тапсырмасы,сөздікпен жұмыс,сөзжұмбақ арқылы бекітілді. Сабақ өз мақсатына жетті.