ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ-ҰЛТ БОЛАШАҒЫ»

«ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ-ҰЛТ БОЛАШАҒЫ»

    Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында ЭЖС-23/9 «Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі»  тобының жетекшісі А.Сартайдың ұйымдастырумен «Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Шараның мақсаты-студенттерді ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтардың бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру. Шара барысында адам тіршілігіне байланысты көне және бүгінгі күннің салт-дәстүрлерін, киелі сандар туралы ақпарат беріліп,  білім алушылар білген ой-түйіндерін саралады.  Домбырамен күй тартылып, қазақтың ұлттық ойыны асықпен «Шеңбер» ойыны ойнатылды. Ашық тәрбие сағатына директордың тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Алпысбайқызы, колледж психологы А.Мәлікұлы, кітапханашы С.Сугуровалар қатысып, студенттерге ата дәстүріміз бен халқымыздың асыл мұраларын бағалап, оларды көздің қарашығындай сақтап, ілгері дамытып отыру өркенді де өнегелі іс екендігін атап өтті.


29 ақпан 2024 ж. 8