ҚКТЖК » Жаңалықтар » «Рәміздер – ел беделі»

«Рәміздер – ел беделі»

    2018 жылдың 4 маусым Қазақстан Республикасының Рәміздері күніне орай Қазалы көлік- техникалық жоғары колледжінің құқық пәнінің оқытушысы Медеубаева Айнұр мен №75 топ кураторы Ибайдуллаева Айгерімнің ұйымдастыруымен және №5 кенттік кітапханамен бірлескен түрде «Рәміздер – ел беделі» атты тарихи -танымдық сағат өткізілді. 
Тарихи танымдық кештің мақсаты: Отаншылдық, ұлтжандылық, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны  құрметтеу.
Кеште Медеубаева Айнұр Мемлекеттік рәміздер- еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі барысында айтып, кешті ашық деп жариялады.
Кеш барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкелініп, мемлекеттік ән ұраны айтылды. 
Егемен мемлекетіміздің басты құндылықтары-рәміздер, елтаңба, ту туралы   мұғалім Ибайдулаева Айгерім бейнебаян арқылы кеңінен насихаттады.
№5 кенттік кітапхананың кітапханашысы: Алмагүл Орынбай ақын Адырбек Сопыбековтің «Тілмен көзден сақтағайсың!» атты өлеңін мәнерлеп оқыса, «Рәміздер- елімнің белгісі» атты кітап көрмесімен кітапханашы Айгүл Жұбан таныстырды. 
Колледждің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Серік Ералы: Отанымызды шексіз сүюге басты құндылығымыз- мемлекеттік рәміздерімізді құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенімізді ұмытпайық!-деген сөзімен кештіқорытындылады. 



04 маусым 2018 ж. 1 316