ҚКТЖК » Жаңалықтар » АУҒАННЫҢ ОТТЫ ЖАЛЫНЫ

АУҒАННЫҢ ОТТЫ ЖАЛЫНЫ

  Қазалы көлік-техникалық жоғары колледж базасында Аудандық қоғамдық жастар ұйымының ұйымдастыруымен 1979-1989жылдар аралығында Ел тыныштығы үшін күрескен ауданымыздың құрметті ардагері генерал шенін алған Аға буын азаматтарымызбен колледж студенттері арасында кездесу кеші болып өтті.

Кештің мақсаты: Жас Отан қорғаушылар легін арттыру арқылы Отансүйгіштікке тәрбиелеу, қоғамда Елін , жерін сүйетін жастардың патриоттық сезімін ояту, Азаматтық тұлғаның бейнесін қалыптастыру арқылы Отан алдындағы борыштарын ақтауға шақыру.

Кеш барысында директордың міндетін атқарушы А.Б.Ахметова сөз сөйлеп,студенттерге әскер қатарына баратын студенттерімізге жоғары оқу орындарына түсу жеңілдік пен мүмкіндік жолдарын айта кетті.Ал әсери қызметкер мамандары әскер борышын өтеудегі жастарға бөлінген жеңілдіктердің болашақтарына пайдасын айта кетті.Кеш соңын Қазалы Жастар қоғамының қызметкерлері қорытындылады.






22 ақпан 2024 ж. 1