ҚКТЖК » Жаңалықтар » “БАЛА ТӘРБИЕСІ-ИГІЛІКТІ ІС”

“БАЛА ТӘРБИЕСІ-ИГІЛІКТІ ІС”

  Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Бала тәрбиесі-игілікті іс» тақырыбында жалпы ата-аналар сағаты болып өтті. Мақсаты-ата-аналарға кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын алу, интернет кауіпсіздігі мен суицид, зорлық-зомбылық, кибербуллинг, лудоманияның алдын алу бағытында ақпараттық-танымдық білім беру болып табылады. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Д.Тілеуімбетов, аудандық маслихат төрағасы Ғ.Әліш, «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Н.Жалғасбаев, ҚАІІБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Ғ.Құрманалиев, Қазалы аудандық Жастар Денсаулығы бөлімінің дәрігері Ә.Алиевалар қатысып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, топтық төбелес пен қылмыстың алдын алу үшін балаларды қатаң бақылауда ұстау керектігін ата-аналарға ескертіп, ҚР Конституциясы мен «Білім туралы» Заңында  “баланы оқыту  мен тәрбиелеуде ата-ананың міндеті мен жауапкершілігі ерекше”қаралғандығын  жеткізді.                                                                                                                                                                                Колледжішілік ата-аналар комитетінің төрағасы Р.Әлжанова мен К.Жетібаевалар колледж әкімшілігіне ата-аналар тарапынан ұсыныс білдіріп, жиналыста «Ата-анаға қажет кеңес» тақырыбында ақпараттармен алмасты.



16 ақпан 2024 ж. 4