ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ТЕМІРЖОЛДЫҢ ТҰҒЫРЫ БИІК, ӨРІСІ КЕҢ» ТОПАРАЛЫҚ САЙЫС

«ТЕМІРЖОЛДЫҢ ТҰҒЫРЫ БИІК, ӨРІСІ КЕҢ» ТОПАРАЛЫҚ САЙЫС

  Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Тепловоз және вагон шаруашылығы» бірлестігінің «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: КӘСІБИ МАМАН, ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» атты апталығы аясында арнайы пән оқытушысы Кулянда Каримсакова «Теміржолдың тұғыры биік,өрісі кең» тақырыбында топаралық сайыс өткізді. Мақсаты: Қазақстандағы  мамандықтардың маңыздылығын  жеткізе білу және  мамандықтардың біздің өмірімізге, жалпы ел экономикасының дамуына қосар үлесінің үлкен екендігін көрсету, болашақ  жас мамандардың тұрақтануына ықпал ету, жастарға қолдау көрсету, олардың беделін, мерейін көтеру, кәсіби және шығармашылық деңгейлерін жетілдіру. Сайысқа I курс студенттерінен құралған «Локомотив», «Вагон», «Техник» топтары арасында қызықты да тартымды сайыс болып, нәтижесінде ВТЭ-23/9 «Техник» тобы жеңіске жетті.






19 ақпан 2024 ж. 3