ҚКТЖК » Жаңалықтар » «Біз бақытты баламыз»

«Біз бақытты баламыз»

1-маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып есептелінеді.Бұл күнді атап өту арқылы, балаларға жақсы көңіл күй сыйлай аламыз.Бұл мерекені атап өту Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде жыл сайынғы дәстүрге айналған. 1-маусым  күні колледжде «Біз бақытты баламыз» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Колледж директоры Ахметов Болатбек Әбиұлы бүлдіршіндерді мерекесімен құттықтады.Мерекеге колледж инженер-педагогтарының балалары  қатысып, керемет көңіл күйде ертегі кейіпкерлерімен бірге биге ұласты. Бүлдіршіндерге түрлі ойындар мен жарыстар ұйымдастырылды. Колледж кәсіподағының атынан балмұздақтар мен түрлі ойыншықтар таратылды. Бүлдіршіндер жақсы көңіл күйде өздерінің мерекелерін атап өтті.









01 маусым 2018 ж. 1 412