ҚКТЖК » Жаңалықтар » “БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ-АТА-АНА”

“БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ-АТА-АНА”

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес жасөспірімдер арасында тәуелділіктің /есірткі, вейп, құмар ойындары, химиялық заттар, т.б./ алдын алу мақсатында “Құмарлыққа бой алдыру-тәуелділік құрдымы”тақырыбында ата-аналармен дәріс сағаты сағаты болып өтті. Шара барысында колледж педагог-психологы А.Таңжанов ата-аналармен түрлі әдіс-тәсілдер арқылы тақырыпты ашу жұмыстарын жүргізсе, Қазалы аудандық жастар денсаулық орталығының дәрігері Ә.Алиева білім алушылар бойындағы тәуелділік белгілері туралы айтып, ата-аналарды «Психогеометрия» фигуралары арқылы өздерінің бойындағы қасиеттерді анықтауға шақырды. Шараны колледж директорының тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Күзембаева қорытындылап,  ата-аналарға бала бойындағы тәуелділік белгілері, оның алдын алу шаралары туралы айтты.



16 ақпан 2024 ж. 4