ҚКТЖК » Жаңалықтар » "KKTJKSKILLS - 2024" тынысы

"KKTJKSKILLS - 2024" тынысы

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің базасында" Ақпараттық кабельдік жүйелер"құзыреттілігі бойынша WORLDSKILLS -2024 Ұлттық чемпионатының колледжішілік кезеңі өткізілді. Аталған құзіреттілік  бойынша АҚТ-23/11-2 тобының студенті Асанова Алия жетекшісі: Туктыбаева Ляззат ІІІ дәрежелі дипломмен студенттер арасынан  топ жарып  кәсіби шеберлік чемпионаттың  жүлдегері атанды.Сонымен бірге, АҚТ-23/11-1 тобының студенті Әмір Асыл ІІ орын дипломын иеленіп,  жетекшісі: Бикболаев Қуаныш марапатталды. Ал облыстық Қызылорда Skills кезеңіне І орын иеленіп, жеңімпаз атанып, жолдамаға ие болған АҚТ-23/11-1 тобының студенті Марат Айдос, жетекшісі  Ержан Бекболат ерекше қошеметке бөленді.

      Күтілетін нәтижелер:  Болашақ мамандарды даярлаудың инновациялық үлгілеріне қол жетімділікті ашу;

жоғары дағды мен кәсіптік құзыреттілікке оқытудың алдыңғы тәжірибесімен танысу мүмкіндігін ұсыну;

кәсіптік шеберліктің ұлттық және халықаралық байқауларына қатысу тәжірибесін арттыру;

ҚР ТжКБ беру жүйесінің мамандарды даярлаудың жалпы қабылданған әлемдік стандарттарына шығу мүмкіндігін ұсыну.


15 ақпан 2024 ж. 1