«ЖЕТКІНШЕКТІҢ ЖЕТІ ЖАРҒЫСЫ”
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде кешенді тәрбие жоспарына сәйкес «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында ЭЖС-22/9 “Электр жабдықтары”тобының жетекшісі Б. Тәжімұратованың ұйымдастыруымен «Жеткіншектің жеті жарғысы» атты ашық тәрбие сағаты болып өтті. «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтық пен мемлекеттілікке ерте тәрбиелеу мақсатында жүзеге асырылады. Жоба құқықтық сананы, құқықтық қатынастарды, белсенді заңды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін, құқықтық мәдениетті қалыптастыратын адамға мақсатты, ұйымдасқан және жүйелі әсер етуді көздейді.
Тәрбие сағатының мақсаты-студенттердің ынтымақтастық орната білу, құрдастарының идеялары мен ұсыныстарын құрметтей отырып, топта жұмыс істей алу, ортақ мақсаттарға жету үшін ымыраға келу, ресурстарды ұқыптылықпен пайдалану, өзгенің көзқарастарына құрметпен қарау.
Тақырып аясында топ студенттері Т.Әуес, Б.Серікбаев, Ш.Жанболатұлы, А.Алтаев, Р.Темірхан, Қ.Ашықбай, Е.Дастеновтер «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы жөнінде өз пікірлерімен бөлісті.
Шараны қорытындылаған директордың тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г Күзембаева студенттерді бүгінгі қоғамдағы теріс әдеттерден аулақ болуға шақырды.