ҚКТЖК » Жаңалықтар » «БАҚ ҚОНҒАН БӘЙТЕРЕК»

«БАҚ ҚОНҒАН БӘЙТЕРЕК»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде кешенді тәрбие жоспарына сәйкес  «Айтулы тұлғалар, атаулы даталар» жобасы аясында жазушы Б.Соқпақбаевтың  100 жылдығына орай АҚТ-23/11-1 тобының жетекшісі Л.Туктыбаеваның ұйымдастыруымен «Бақ қонған бәйтерек» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты-қазақ балалар әдебиетінің классигі Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту және ойлау қабілеттерін, көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту. Шоқтығы биік, бірегей талант Б.Соқпақбаев шығармаларының басты кейіпкері өзі болып табылады, балалық шағына деген сағынышын өз шығармаларына арқау еткен. «Менің атым Қожа» шығармасы бойынша топтың дайындаған видеолары көрсетілді.





09 ақпан 2024 ж. 1