ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: КӘСІБИ МАМАН, ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ»

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: КӘСІБИ МАМАН, ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ»

 12  ақпан күні  Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Тепловоз және вагон шаруашылығы» бірлестігінің ұйымдастыруымен  «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: КӘСІБИ МАМАН, ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» атты апталықтың ашылу салтанаты болып өтті.               Студенттер мен білім алушылардың қызығушылығын арттыру барысында апталықтардың алар орны ерекше. 

Онкүндік мақсаты –Студенттерді мамандығы бойынша заманауи технологиямен оқыта отырып, кәсіби шеберлікке баулу, теория мен өндіріспен ұшастыру және   білікті  мамандар дайындау. 

  Жастар үшін ең бастысы – білім. Себебі білімді азамат өзін еркін сезінеді, болашаққа сеніммен қарайды және қай бағытта қозғалу керек екенін біледі. Әрбір жас қазақстандық осыған ұмтылуы тиіс. Әрине, мамандық таңдау – күрделі мәселе.

Ашылу барысында көрме ұйымдастырылып, білім алушылар әрбір мамандықтың негізгі қыр-сыры туралы баяндады. Мамандық бойынша білім беретін оқытушылар мен өндірістік оқу шеберлерінің жетістіктері туралы айтылды. Апталықтың ашылу жиынында сөз сөйлеген колледж әдіскері  Г.Сәрсенбаева алдағы өтетін  іс-шараларға  сәттілік тіледі.


12 ақпан 2024 ж. 7