ҚКТЖК » Жаңалықтар » «Жаңа талаптарды ескере отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру және үйлестіру»

«Жаңа талаптарды ескере отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру және үйлестіру»

 Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары Серік Нұралының ұйымдастырумен«Жаңа талаптарды ескере отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру және үйлестіру» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар мақсаты:Инженер-педагогтерге  білім беру бағдарламаларды дайындаудың тиімді жолдарын көрсету,нормативтік-құқықтық актілермен жұмыс жасауды меңгерту.

Семинар барысында реестрге енгізілетін мамандықтардың білім беру бағдарламаларын жасау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілу кезінде туындайтын сұрақтарға жауап берілді.

    Колледж лицензиясына сәйкес 07130100 – Электр жабдықтары (түрлері және салалары  бойынша) мамандығы;3W07130102Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі(түрлері және салалары бойынша) біліктілігі бойынша арнаулы пән оқытушысы Қ.Абилдаев; өндірістік оқу шеберлері Л.Әуез,А.Абуовалардың дайындаған білім беру бағдарламасы ортаға салынып,қызу талқыланды.



07 ақпан 2024 ж. 8