ҚКТЖК » Жаңалықтар » «КЕМЕЛ ЕЛДІҢ КЕМЕҢГЕР ҚАЛАМГЕРІ-Ә.КЕКІЛБАЕВ»

«КЕМЕЛ ЕЛДІҢ КЕМЕҢГЕР ҚАЛАМГЕРІ-Ә.КЕКІЛБАЕВ»

     Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде кешенді тәрбие жоспарына сәйкес  «Айтулы тұлғалар, атаулы даталар» жобасы аясында кітапханашы С.Сугурованың ұйымдастыруымен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, аудармашы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы Ә.Кекілбайұлының 85 жылдығына арналған «Кемел елдің кемеңгер қаламгері-Ә.Кекілбаев» атты таным сағаты болып өтті. Шараның мақсаты-ақынның өмірі мен шығармаларын талдау арқылы  жас  ұрпақты тәрбиелеу, оның адам образын суреттеудегі өзіндік ерекшеліктерін танып-білу. Кеште директордың тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Күзембаева білім алушыларды жазушының «Бір шөкім бұлт», «Шеткері үй», «Құс қанаты» повесі мен «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең-алаң» тарихи  романдарын оқуға шақырды, олар тек тарихи шежіре емес, бүгінгі қоғам үрдісімен, ұлт мүддесімен астасып, бостандық рухы мен өркениеттің өшпес құндылықтарына ұмтылатын қуатты шығармалар екені сөзсіз.


 

02 ақпан 2024 ж. 9