ҚКТЖК » Жаңалықтар » ЖАҺАНДЫҚ ЗАМАНДАҒЫ ТЕМІР ЖОЛ

ЖАҺАНДЫҚ ЗАМАНДАҒЫ ТЕМІР ЖОЛ

                                               


Қазалы көлік-техникалық  жоғары колледжінде «ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ ТЕМІР ЖОЛ ДАМУЫНЫҢ АЙНАСЫ» атты апталықтың аясында өндірістік оқыту шебері Досым Ақмарал   Досымқызының «Жаhандық замандағы темір жол»  тақырыбындағы арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасындағы топтық сайысы өткізілді.

Сайыстың мақсаты арнайы пән оқытушылары  мен өндірістік оқыту шеберлері арасында байланысты одан әрі  шыңдау, тәжірибе алмасу.  Сайыс барысында  қатысушылар   «Бағдаршам» және «Рельс» тобы болып екіге топтастырылды. Сайыс 4 кезең бойынша өткізілді. 

І кезең – «Сен білесің бе?»

ІІ кезең -  « Педагогикалық жағдаят»

ІІІ кезең- « Сөздік капитал»

ІV кезең- «Шығармашылық кезеңі»

Әділқазы алқасының мүшесі директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары С.Нұралы сайыска түскен қатысушыларға жинаған ұпайларын жариялап, 180 ұпаймен алға шыққан «Бағдаршам» тобын жеңісімен құттықтады.




01 ақпан 2024 ж. 3