ҚКТЖК » Жаңалықтар » ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ ТЕМІРЖОЛ ДАМУЫНЫҢ АЙНАСЫ

ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ ТЕМІРЖОЛ ДАМУЫНЫҢ АЙНАСЫ

30 қаңтар күні Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Сигнал беру және станция шаруашылығы» бірлестігінің ұйымдастыруымен «ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ ТЕМІРЖОЛ ДАМУЫНЫҢ АЙНАСЫ» атты апталықтың ашылу салтанаты болып өтті. 

Апталықтың мақсаты: 

  1. Мамандығы бойынша терең білім мазмұнымен ерекшеленетін шығармашыл, ізденімпаз білім алушыларды анықтау;
  2. Колледж студенттерінің  инновациялық идеяларына қолдау көрсету, насихаттау, дәріптеу;
  3. Бірнеше теміржол  біліктілігі арасында  байланыстарын   ұштастыру;
  4. Студенттерге мамандықтарының қыр-сырын игерту;
  5. Теория мен тәжірибенің бір ізділігін   айқындау;
  6. Техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау.

Ашылу барысында көрме ұйымдастырылып, білім алушылар әрбір мамандықтың негізгі қыр-сыры  туралы баяндады. Мамандық бойынша білім беретін оқытушылар мен өндірістік оқу шеберлерінің жетістіктері QR - кодтар арқылы көрсетілді. Апталықтың ашылу жиынында сөз сөйлеген директордың ақпараттық жұмыстары жөніндегі орынбасары М.Ахай, колледж әдіскері Г.Сарсенбаева алдағы өтетін іс-шараларға сәттілік тіледі.


30 қаңтар 2024 ж. 5