ҚКТЖК » Жаңалықтар » ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ!

ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ!

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде  колледжішілік тәрбие жоспарына сәйкес валеология пәнінің оқытушысы Г.Рахманбердінің ұйымдастырумен "Қыздарға әсемдік жарасады!" атты тақырыпта қыз балаларға арналған таным сағаты болып өтті. Мақсаты-қыз балаларды ата-баба дәстүрін,әдет-ғұрпын,салт-дәстүрін сақтауға шақыру және имандылыққа, ілтипаттылыққа, әдемілікке,әдептілікке,инабаттылыққа тәрбиелеу. Кешке арнайы Аудандық жастар денсаулық бөлімінің дәрігері А.Әлиева “Қазақ қызы-ұлттық тәрбие бастауы” тақырыбындама баяндама оқыса, директордың тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Күзембаева, колледжішілік “Кәусар” қыздар кеңесінің төрайымы М.Жакипова мен колледж мейіркеші А.Айман  қазіргі таңдағы ерте жүктіліктің алдын алу, қазақ қызының бойындағы өнегелік, ізгілік қасиеттер туралы айтты. Кеш барысында бойжеткендеріміз тақырып аясында презентация тамашалап, ақыл-кеңестер айтылды.



19 қаңтар 2024 ж. 2