ҚКТЖК » Жаңалықтар » ОБЛЫСТЫҚ ЗЕРДЕЛЕУ ТОБЫ КОЛЛЕДЖІМІЗДЕ

ОБЛЫСТЫҚ ЗЕРДЕЛЕУ ТОБЫ КОЛЛЕДЖІМІЗДЕ

Бүгін 17 қаңтар күні Қызылорда облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін құрылған жұмысшы топ мүшелері колледжімізге келді.  Құрамында  топ жетекшісі облыстық білім басқармасының бас маманы Ж.Төленова, тәрбие, спорт және қосымша білім орталығының  бөлім басшысы Ж.Асқарова, облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) кәсіпік білім бөлімінің әдіскері Ұ. Таңмамбет, статист  маман А. Тоқбергенова колледжіміздің материалдық-техникалық базасымен, оның ішінде "Жас маман" жобасы бойынша алынған құрал-жабдықтармен танысты. Білім алушылардың оқу аудиториясын, тамақтану асханасын, жатақхана жағдайын және кітапхана қорымен танысып нормативтік-құқықтық актілердің орындалуын зерделеді.


17 қаңтар 2024 ж. 38