ҚКТЖК » Жаңалықтар » 3 ЖЕЛТОҚСАН-ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР ЖАНДАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КҮНІ

3 ЖЕЛТОҚСАН-ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР ЖАНДАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КҮНІ

А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде облыстағы мүгедектігі бар адамдардың қатысуымен 3 желтоқсан-Халықаралық мүгедектер күніне орай салтанатты іс-шара өткізілді.

Шарада 2023 жыл көлемінде жетістікке жеткен түрлі саладағы мүгедектігі бар адамдар номинациялармен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.

Салтанатты іс-шарада облыстың әр елді-мекендерінен келген мүгедектігі бар адамдар өз өнерлерін көрсетті. Шара барысында жыл қорытындысымен Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің студенті Жалиева Айнұр “Үздік белсенді-2023” бағамын иеленді. А.Аңғысынқызын марапатымен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!


04 желтоқсан 2023 ж. 8