ҚКТЖК » Жаңалықтар » Облыстық олимпиада

Облыстық олимпиада

29 қараша күні М.Маметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  1 курс студенттері арасында орыс тілі және әдебиеті пәні бойынша  «Язык-путь к познанию» тақырыбында облыстық пәндік олимпиада өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты: толеранттылыққа тәрбиелеу,орыс тілін меңгеруде шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, қазақ тілінде оқытатын жастар арасында сөйлеу мәдениетінің деңгейін жетілдіру.

Облыстық олимпиада қатысқан Қазалы көлік-техникалық жоғары  колледжінің   ВТЭ-23/9  тобының, 1 курс студенті Жолбарыс Динара Серікбайқызы  олимпиада турларында өте жоғары деңгейде көрсеткіш көрсетіп, жүлделі I орынды қанжығасына байлады.

Жетекшісі орыс тілі және әдебиеті пәні оқытушысы,педагог-сарапшы Утембетова Нургул Тулепбергеновна.

Әріптесімізге шығармашылық табыс тілейміз!


29 қараша 2023 ж. 7