ҚКТЖК » Жаңалықтар » “ЕРТЕҢІҢДІ ОЙЛАСАҢ, ЕСІРТКІГЕ ЖОЛАМА!”

“ЕРТЕҢІҢДІ ОЙЛАСАҢ, ЕСІРТКІГЕ ЖОЛАМА!”

Қызылорда облыстық полиция департаментінің 2023 жылғы 29 тамыздағы №1-21-5/3282 хатына сәйкес  Нашақорлыққа қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының тармақтарын орындау және ел аумағында есірткі қаупіне қарсы іс-қимыл жұмыстарын жандандыру мақсатында жұмыстарын жандандыру мақсатында колледжішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес нашақорлықтың алдын алу мақсатында валеология пәнінің оқытушысы Р. Шыныбаеваның ұйымдастыруымен «Ертеңіңді ойласаң, есірткіге жолама!» атты дәріс сағаты болып өтті. 

Дәріс сағатының мақсаты-жасөспірімдер мен жастар арасында психикаға белсенді әсер ететін  заттарды тұтынудың алдын алу, темекі, алкогольдік өнім және есірткінің зияндығы туралы  ақпараттармен бөлісу, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Кеш қонағы Қазалы аудандық кеңес беру диагностикалық емханасының нарколог дәрігері  Б.Тілеуімбетов  студенттерге жасөпiрiмдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу шаралары және психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудың зияны туралы айтты. Жасөспірімдерге психикаға әсер ететін  заттарды тұтынудың алдын алу, темекі және есірткінің зияндығы туралы  бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды.


24 қараша 2023 ж. 7