«ҚОҒАМ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМ»
Қызылорда облысының білім басқармасының 13.11.2023 жылғы №07-16/4980 санды хатына және Қызылорда облысының полиция департаментінің 07.112023 жылғы №1-30-30/4959 хатына сәйкес облыс көлемінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқық қорғау саласы мамандарының қатысуымен «Қоғам және жасөспірім» тақырыбында білім алушылармен құқықтық оку сағаты болып өтті. Шара барысында ҚАПб-і бастығының орынбасары полиция подполковнигі Б.Мұханов пен ҚАПБ,ЖПҚб, ЮПтның аға инспекторы полиция майоры М.Бегалиевалар «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы» және «Нашақорлық-ерекше дерт» тақырыбында жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Білім алушылар мамандарға көкейтесті сұрақтарын қойып, пікір алмасып, өздеріне қажетті мағлұматтар алды.