ҚКТЖК » Жаңалықтар » "ОТАН ҚОРҒАУШЫ-2023" ОБЛЫСТЫҚ САЙЫСЫ

"ОТАН ҚОРҒАУШЫ-2023" ОБЛЫСТЫҚ САЙЫСЫ

Қызылорда қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен "Отан қорғаушы-2023" облыстық сайысы болып өтті. 

Сайыстың мақсаты-білім алушыларға әскери-қолданбалы спорт түрлері арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлтжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу және жастарды өр рухты, қайсар мінезділікке, ұлт намысын асқақтатуға тәрбиелеу. Сайыста студенттер мына шарттар бойынша тартысқа түсті:

-АК-74 оқу қаруын толық емес бөлшектеу және жинақтау;

-Пневматикалық винтовканы нысанаға ату;

-Капитандар сайысы; 

Нәтижесінде жалпы командалық есепте

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі жігіттерінен құралған команда жүлделі ІІІ орын иеленді.

Жігіттерімізді колледж әкімшілігі атынан жеңістерімен құттықтаймыз!



17 қараша 2023 ж. 4