ҚКТЖК » Жаңалықтар » “ЖАС ДӘНЕКЕРЛЕУШІ-2023”

“ЖАС ДӘНЕКЕРЛЕУШІ-2023”

Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) мен Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі бірлесіп, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушылары арасында «ЖАС ДӘНЕКЕРЛЕУШІ-2023» байқауы өткізілді. Байқау оқыту үрдісінде теория мен тәжірибені ұштастыру,  білім алушылардың технологиялық картамен жұмыс істеу қабілетін анықтау және  білімі мен кәсіби шеберлігін жетілдіруге ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды. Байқауға облыс бойынша 7 колледж білім алушылары қатысты. Байқауда «LCI-MK» ЖШС мекемесінің еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі инженері Дүйіс Сабит Мұратбайұлы, Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Алаватдин Рустем Алаватдинович және Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің өндірістік оқыту шебері Ақниязов Мұхтар Молдабайұлы сарапшылық жасап, байқау жеңімпаздарын анықтады. Байқау 3 кезең бойынша өткізілді:

    «Мамандығым-мақтанышым» кезеңінде әр қатысушы өзін таныстыру  арқылы колледжі және мамандығына  сипаттаманы бейнеролик арқылы ұсынды;

    «Күш-білімде, білім-кітапта»  кезеңінде -071505000 «Дәнекерлеу ісі» мамандығы, КМ1 Электр доғасымен дәнекерлеу және кесу модулі бойынша  Classtime.com қосымшасында тест тапсырмаларын орындады;

    «Шеберлікте шек жоқ» кезеңінде  практикалық  тапсырманы «Дәнекерлеу ісі» шеберханасында техникалық карта бойынша орындады.

Байқау нәтижесі бойынша төмендегі жүлделі орындар анықталды:

І орын-Қазалы көлік-техникалық жоғары колледж білім алушысы Нахмедин Ғалымжан  Сержанұлы, жетекшісі: Орымбаева Ранайкул Икрамовна;

ІІ орын-Қызылорда И. Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық жоғары колледж білім алушысы Кәдір Жасын Бақытжанұлы, жетекшісі: Оразалиев Сагилат Багдатович, М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледж  білім алушысы Жаңабайұлы Диас, жетекшісі: Исахаева Гулзина;

ІІІ орын - Қазалы аграрлы-техникалық колледж білім алушысы Мырзағали Ернұр Берікұлы, жетекшісі: Пржанов Әділжан Орынбасарұлы, Шиелі индустриалды-аграрлы колледж білім алушысы Күзербай Елдос Айдосұлы, жетекшісі: Бекболатұлы Байсын; Сырдария аграрлы-техникалық колледж білім алушысы Нұрболатов Мадияр Нұрболатұлы, жетекшісі: Омаров Нұрлыбек;

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі директорының Алғыс хатымен  Арал индустриалды-техникалық колледж білім алушысы Жұбаев Жанәлі Серікбайұлы марапатталды. Жетекшісі: Ахметов Ербол Тәуіпбайұлы.

Байқауға қатысып жүлделі орын иеленген колледж білім алушыларын құттықтап, білікті маман иелері болуына тілектеспіз!


17 қараша 2023 ж. 10