ҚКТЖК » Жаңалықтар » «АЛТЫН САҚА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІ.

«АЛТЫН САҚА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІ.

Ұлттық ойындар-тынысты кең алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, қиялы мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Асық ойыны-біздің ұлттық спортымыздың бір түр, қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Халқымыз асықты қастерлеген.  Б.Момышұлы атамыз айтқандай: «Асық ойыны-үлкен халықтық тәрбие. Ұлтымыздың  дәстүрі мен мәдениетінің бастауы». 

Қазалы көлік-техникалық  жоғары колледжінде «Алтын сақа» республикалық челленджінде бір мезгілде инженер-педагогтар  мен студенттер арасында «Бес табан», «Бес асық» ойындары ойнатылды. Челлендж мақсаты-білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, төл ойындарды дәріптеу.

Челлендж міндеті-ұлтымыздың ұлттық ойындарын жаңғырту, құндылықтарын қастерлеу және білім алушыларды асық ойынына баулу. 


17 қараша 2023 ж. 4