ҚКТЖК » Жаңалықтар » “СУИЦИД-ҚОҒАМДАҒЫ ІРІ ПРОБЛЕМАЛАРДЫҢ БІРІ”

“СУИЦИД-ҚОҒАМДАҒЫ ІРІ ПРОБЛЕМАЛАРДЫҢ БІРІ”

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Суицид-қоғамдағы ірі проблемалардың бірі» тақырыбында ЭЖС-23/9 тобының жетекшісі А.Сартайдың ұйымдастыруымен колледж кітапханасында таным сағаты болып өтті. Шараның мақсаты-студенттерге сиуцид және оған тән ерекшеліктер мен белгілері туралы түсіндіру, сиуцидтік факторлардың себептерін айқындау. Шара барысында А.Сартай суицидидтік іс-әрекеттің типтері туралы айтса, колледж психологы А.Таңжанов өз-өзіне қол жұмсау жағдайын түсіну, колледждегі тұлғаралық қарым-қатынасты жандандыру мақсатында түрлі мәдени іс-шараларға, спорт, өнер байқауларына қатысу керектігін айтты. Колледж мейіркеші А.Айман студенттерге суицид-өте қауіпті дерт екендігі туралы баяндама жасады және студенттерге тақырып аясында презентация, бейнеролик ұсынылды.


16 қараша 2023 ж. 27