“ЛУДОМАНИЯ-ҚОҒАМНЫҢ ДЕРТІ”
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында "Лудомания-қоғамның дерті" тақырыбында колледж студенттерімен кездесу болып өтті. Шараға қатысқан колледж директоры Б.Ахметов ойынқұмарлықтың қоғамдағы ең күрделі мәселе екенін айтса, Қазалы ауданы қоғамдық даму бөлімінің Жастариресурстық орталығының директоры Н.Ақпанбетов құмар ойындармен жастардың көп қызығатындығын, жасөспірімдер арасындағы кең етек алып бара жатқан ойын құмарлықтан арылуға, алшақ жүруге шақырды. Жанқожа батыр мешітінің бас имамы Н.Нәби жастарымызды имандылыққа, жақсы білім алып ер жетуге, қоғамда болып жатырған ойын құмарлықтың кесірінен тұңғиыққа түсіп шыға алмай өз өмірлеріне балта шапқан қаншама адамдар бар екендігін ескертті. Қазалы аудан аралық ауруханасы "Болат жолы" дәрігерлік амбулаториясының психологы Г.Жанайбекова оңай жолмен ақша тауып, теріс жолға түскен жастар жалған сөйлеуге, ұрлық-қарлыққа барып қылмыс жасауға бейім болатынын, өзгелердің өмірі мен өз өмірлеріне кесірі тиетіндіне тоқталса, Қазалы АПБ,ЖПҚб, ЮПтның аға инспекторы , полиция майоры М.Бегалиева құмар ойындарына ақша салған жасөспірімдер есепке алынатындығын, олардың келешек оқуы мен жұмысқа орналасуы кезінде кедергі болатындығын түсіндіріп, жастарды тәртіпке, жақсы білім алуға шақырды.