ҚКТЖК » Жаңалықтар » «WorldSkills – Қызылорда»

«WorldSkills – Қызылорда»

Қызылорда облыстық білім басқармасы «WorldSkills – Қызылорда » облыстық кәсіби шеберлік чемпионатын жыл сайын жоғары деңгейде өткізіп келеді. Чемпионатты өткізудің мақсаты – өнеркәсіп орындарын білікті маманмен қамтамасыз етудің жаңа жүйесін қалыптастырумен қатар техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарына барлық мүмкіндіктің жасалатындығының дәлелдейді.

Биылғы жылы  сайысқа облыстан  29 құзіреттілік бойынша  29 студент бақ сынайтын болады. Осыған дейін алдыңғы қатардан көріне білген Серік Дамир "Графикалық дизайн" құзыреттілігі бойынша WorldSkills Қызылорда 2019" облыстық іріктеу чемпионатында 1 орын иеленген. Дәулетбай қазіргі уақытта "Силуэт техники" ЖШС программист-дизайнер болып жұмыс істейді. 2023 жылдан бері өз мамандығы бойынша біліктілігін шет елдерде  арттырудан бастау алып келеді. Сонымен қатар  "Кондитерлік іс" құзыреттілігі бойынша 2,3 орын иеленген түлектеріміз  бүгінде бірнеше тәтті орындардың  "Толқын тоқаштары" және т.б.ЖК директорлары.

Әлемнің көптеген елдерінде WorldSkills жобасы мемлекеттік қолдауға ие. Бұл техникалық мамандарды дайындау бойынша білім беру сапасын арттырып қана қоймай, талантты жұмысшы жастарды анықтауға, олардың болашақта кәсіби өсуіне мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің ІІІ курс студенті WordlSkills-Қызылорда облыстық іріктеу байқауының Сандық 1-орын иеленген Әбсаттар Думан "Сандық бағдарламалық басқарудағы станоктармен токарлық жұмыс құзыреттілігі бойынша 1-орын иеленіп, Ұлттық чемпионатқа жолдама алды.

Думан өз шеберлігін шыңдау мақсатында 

Шымкент қаласындағы Индустриальдық-техникалық колледж базасында ақылы негізде екі мәрте 72 сағат құрайтын заманауи үлгідегі компьютермен басқарылатын станоктар арқылы оқу, машықтану үрдісін дағды ретінде біліктілігін арттырды.

 Қазіргі таңда Астана төрінде 2023жылдың  қараша айының 19-27 күндері аралығында өтетін  чемпионатқа дайындық үстінде...

12 қараша 2023 ж. 6