«Еселі еңбек - ел ертеңінің кепілі»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Қызмет көрсету» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Еселі еңбек - ел ертеңінің кепілі» атты онкүндіктің ашылуы болып өтті. Бірлестік жетекшісі Орымбаева Ранай іс-шара жоспарымен таныстырды. Айтулы шараны колледж директоры, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері Б.Ахметов ашып, құттықтау сөз сөйледі.
Бүгінігі студент - ертеңгі маман «Қызмет көрсету» мамандықтарының студенттері өз мамандықтары туралы мәліметтер берді.
QR код заманауи білім беруде таптырмас бағдарламалардың бірі және студенттерді жан-жақты дамытуға, білімін нығайтуға, қызығушылығын арттыру мақсатында QR кодпен мамандықтар бойынша электронды оқулықтарды арнайы пән оқытушысы Туктыбаева Ляззат таныстырды.