ҚКТЖК » Жаңалықтар » ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ТӘРБИЕ.

ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ТӘРБИЕ.

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде жасөспірімдер арасында жас ерекшелік психологиясы және жыныстық сауаттылық, сексуальды қауіпсіздік туралы ақпараттандыру мақсатында "Жасөспірім және жыныстық тәрбие" тақырыбында колледжде білім алушы ер балаларға  дәріс сабағы өткізілді.  Шараға Қазалы аудан аралық ауруханасы "Болат жолы" дәрігерлік амбулаториясының психологы Г.Жанайбекова жыныстық тәрбиенің маңыздылығы мен ерте жыныстық қатынастың жасөспірімдер өміріне келтіретін зияндығына кеңінен тоқталса, Қазалы аудан аралық ауруханасы "Болат жолы" дәрігерлік амбулаториясының   ВОП дәрігері  Е.Сауытбаева жасөспірімдер арасындағы жыныстық  жолмен жұғатын ауруларға кеңінен тоқталып, студенттерге сақтық шаралар    туралы баяндама жасады. Директордың тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Күзембаева зорлық-зомбылықтың құрбандары көбіне жыныстық сауаттылығының аздығынан екенін, ата-анамен жасөспірім арасындағы қарым-қатынастың аздығынан болатыны туралы айтты. Колледж педагог-психологы А. Таңжанов студенттерге өзге де жандардың өміріне араша бола алатындығын және әр адам өз шекарасын мықтап бекітуге, өз "менін" қалыптастыруға шақырды.


09 қараша 2023 ж. 6