"ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЕРТЕ ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗИЯНЫ"
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде валеология пәнінің оқытушысы Г.Рахманбердінің ұйымдастырумен "Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік және оның зияны" тақырыбында қыздар арасында дөңгелек үстел өткізілді. Шараның мақсаты-елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып, қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру. Шараға қатысқан Қазалы аудандық Жастар денсаулығы бөлімінің дәрігері Ә.Алиева, колледжішілік "Кәусар" қыздар кеңесінің төрайымы М.Жакипова, колледж мейіркеші А.Айман және директордың тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Алпысбайқызы студенттерге өз ақыл- кеңестерін айтты, сонымен бірге тақырып аясында слайдтар, бейнероликтер көрсетіліп, студенттермен пікір алмасу жүргізілді.