ҚКТЖК » Жаңалықтар » Республикалық конкурс жеңімпаздары

Республикалық конкурс жеңімпаздары

        Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі студенттерін  республика көлеміндегі шығармашылық конкурстарға қатыстырған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары жүлделі орындар иеленуде.

Нұралы Серік Ержанұлының жетекшілігімен  «Мұрагер» республикалық журналы ұйымдастырған  «Абайтану» олимпиадасына «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы номинациясы бойынша қатысқан  1 курс студенті Жаңаберген Ернұр  Бас жүлде иеленді.

Ақберен республикалық танымдық-шығармашылық журналының ұйымдастыруымен өткен "Мағжан оқулары" конкурсына қатысқан 1-ші курс студенті Боранбайқызы Нұрайым І орын иемденді. Мағжан ақынның "Мен жастарға сенемін" жырын оқып өскен жеткіншектің жетекшісі Төлегенов Сұлтанғазы Есмұратұлы.

Алипбаева Фариза Жанәбілқызының жетекшілігімен Ақберен республикалық танымдық-шығармашылық журналы ұйымдастырған Республикалық "Мағжан  оқуларына қатысқан  1курс студенті Шәдір  Уәлихан  ІІ орын  және "Мың бала"республикалық зияткерлік  орталығының ұйымдастыруымен"Ілияс оқулары"байқауына қатысқан 1курс студенті Оңалбек Еркін І орын иеленді. 

Жемісті жеңістеріңіз құтты болсынІ



17 қазан 2023 ж. 50