ҚКТЖК » Жаңалықтар » «НАШАҚОРЛЫҚ-ҚОҒАМ ДЕРТІ»

«НАШАҚОРЛЫҚ-ҚОҒАМ ДЕРТІ»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде облыстық полиция департаментінің 2023 жылғы 29 тамыздағы №1-21-5/3282 хатына сәйкес Нашақорлыққа қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының тармақтарын орындау және ел аумағында есірткі қаупіне қарсы іс-қимыл жұмыстарын жандандыру мақсатында колледжішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 16 қазаны күні студенттермен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның  мақсаты-кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасында нашақорлық пен есірткінің, психикаға белсенді әсер ететін  заттарды тұтынудың алдын алу, темекінің зияндылығы туралы  ақпараттармен бөлісу, салауатты өмір салтын насихаттау, бейнероликтер көрсету, жадынамалар тарату болып табылады.

Шара барысында Қазалы ауданының прокуроры, әділет кеңесшісі Д.Әбіш жасөспірімдер арасындағы нашақорлық, оның алдын алу және зияндылығы туралы тақырып аясында жауапты екенімізді айтса, Қазалы АПБ,  ЖПҚб, ЮПт-ның  аға инспекторы, полиция  майоры М.Бегалиева, Қазалы аудандық жастар денсаулығы бөлімінің дәрігері Ә.Алиевалар  студенттерге жасөпiрiмдер арасында психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудың зияны, нашақорлықтың алдын алу шаралары туралы тоқталса, колледж директоры Б.Ахметов  жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау бағытында түсіндіру жұмыстарын туралы айтты. 

Шара барысында жасөспірімдерге нашақорлық пен есірткінің алдын алу және зияндылығы туралы  бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды.


16 қазан 2023 ж. 6