ҚКТЖК » Жаңалықтар » «АЛТЫН КҮЗ-2023»

«АЛТЫН КҮЗ-2023»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде оқу-тәрбие жоспарына сәйкес «Саналы ұрпақ» ұйымының ұйымдастыруымен дәстүрлі курсаралық «Алтын күз-2023» байқауы  өткізілді. Топтар ережеге сәйкес «Сәлем-сөздің анасы», «Өнерлі өрге жүзер», «Сән үлгісі», «Ас-адамның арқауы», «Ханзада ман Ханшайым биі»  кезеңдері бойынша тартысқа түсті. Барлық топтар күздік өнімдерден ас мәзірін ұсынып, көрме ұйымдастырды. Байқау қорытындысымен жатақхана студенттерінен құралған «Бір үйдің балалары» тобы бас жүлдені жеңіп алса, қалған «Күзгі тамшылар» І орын, «Күзгі бақ» ІІ орын және «Frends» тобы ІІІ орындарды еншіледі. Қазылар алқасының шешімімен «Үздік көрме» өнімдерін ұсынған АТҚ-23/11-1, Д-23/11, Қ-23/11, ЛЖС-22/9 және АТҚ-23/11-2 топтары  жеңімпаз атанды. Байқауды директордың орынбасары Г.Күзембаева қорытындылап, студенттерді Алғыс хаттармен  марапаттады.



13 қазан 2023 ж. 3