«НАШАҚОРЛЫҚ-АДАМЗАТТЫҢ ҚАС ЖАУЫ»
Есірткіге әуестенушілердің көбеюі әлем жұртшылығын қатты алаңдатып отыр. Есірткіге құштарлық, әсіресе, жастар арасында кеңінен таралуы бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналуда. Осы қоғамдық дерттің алдын алу, оның шырмауына жастардың түсіп қалмауы үшін қазіргі күні түрлі алдын алу шаралары кеңінен қолға алу мақсатында Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі кітапханасында жатақхана студенттерімен «Нашақорлық-адамзаттың қас жауы» тақырыбында таным сағаты болып өтті. Шарада тақырып бойынша қажетті ақпараттар беріліп, арнайы таныстырылым мен бейнероликтер көрсетіліп, колледж мейіркеші А.Айман жас жеткіншектерге нашақорлықтың ғасыр дерті екендігін, есірткі заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, олардың алдын алу, саналы да салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдарын айтып өтті.