ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ҮЗДІК СПОРТТЫҚ КОЛЛЕДЖ»

«ҮЗДІК СПОРТТЫҚ КОЛЛЕДЖ»

Қызылорда облысының Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша дене шынықтыру мен спорт саласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін білім үздіктерін марапаттау салтанатты шарасы өтті. Салтанатты шарада былтырғы оқу жылында Қызылорда облысының ұстаздарынан құралған команда Тараз қаласында өткен республикалық Мұғалімдер спартакиадасында топ жарып, жалпы командалық есепте ІІ орын жеңіп алды. Атаулы бәйгеде топ жарған Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің ұжымы бұқаралық спортты дамытуға ерекше үлес қосқаны үшін марапат төрінен көрініп, құрмет көрсетілді. Колледж директоры, спорт жанашыры Б.Ахметовті жеңісімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!

Қадірлі ұжымдастар, жеңісті күндеріміз көп болсын!


10 қазан 2023 ж. 5