ҚКТЖК » Жаңалықтар » "ҰСТАЗ-ҰЛЫ ЕСІМ, ҰЛЫ ТҰЛҒА!"

"ҰСТАЗ-ҰЛЫ ЕСІМ, ҰЛЫ ТҰЛҒА!"

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 5 қазан-Ұстаздар күніне орай «Ұстаз-ұлы есім, ұлы тұлға!» атты салтанатты мерекелік кеш өтті. Шара барысында еңбегімен биіктен көрінген, шәкірттерімен топ жарған директордың орынбасары А.Ахметова аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың Алғысымен,  Г.Күзембаева мен Г.Жалдыбаевалар облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасын иеленсе, ұстаздар Н.Избан, Ж.Сапаев, Қ.Әбілдаев, З.Ақмырза, Е.Қойтасов,  А.Абуова, Ж.Көптілеуовалар облыстық білім басқармасының марапатын алды. М.Нұржігітов, А.Терекбаева, Д.Көпбосыновтар аудандық  "AMANAT" партиясы филиалының Алғысын иеленсе, Л.Әуез, Ә.Садықова, Р.Шыныбаевалар колледж директоры Б.Ахметовтің Алғыс хаттарымен марапатталды. Мереке қарсаңында  колледждің өнерлі әншілері ән арнаса,  оқу орнының студенттері әсем әндерін тарту етіп, кешті қорытындылады. Құрметтіі ұстаздар! Әрдайым еңбектеріңіз жанып, шәкірттеріңіздің құрметіне бөлене беріңіздер!


04 қазан 2023 ж. 10