АМАНАТТЫҚТАР КОЛЛЕДЖ ЖАТАҚХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ.
Бүгін аманаттықтар аудандағы колледж жатақханаларының жағдайымен танысып, партиялық бақылау құрамымен мониторинг жүргізді.
Партия филиалының төрағасы Ғ.Әліш, филиал Атқарушы хатшысы Н.Жалғасбаев және Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ә.Сарабеков Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің жатақханасын аралады.
Колледж директоры Б.Ахметов жатақхананың жағдайы жайлы айтып, өз сөзінде студенттер үшін қажетті жағдай жасалғанын, сондай-ақ арнайы компьютерлік бөлмелер мен спорт /жаттығу/ залының жұмыс жасайтындығын жеткізді. Және халық қалаулыларына ғимаратқа жөндеу қажеттігін де тілге тиек етті.
«AMANAT» фракциясының мүшелері студенттермен пікірлесіп, білім алушылардың жақсы жағдайда оқуына еш кедергі жоқ екенін анықтап, колледж басшылығына бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса беру қажеттігін айтты.