«ТІЛ ТҰҒЫРЛЫ БОЛСА, ЕЛ ҒҰМЫРЛЫ»

Екі команда кезең-кезең бойынша сайысқа қатысып, тіл бойынша өз білім деңгейлерін сынады. Шара барысында студенттерге ана тіліміздің мәртебесін дәріптей, құрметтей отырып, ұлт зиялыларының шығармаларындағы сөз құдіретінен үлгі айтылды. Студенттер екі тілде, яғни, қазақ және орыс тілінде мақал-мәтел, жұмбақ шешу, шешендік сөздер сайыстарында өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар, студенттер жаңа оқу-технологиясымен жұмыс жасау әдістерін жақсы меңгергендіктерін байқатты. Топ бойынша сайыста жеңімпаз болған студенттер колледж басшысының Алғыс хатымен марапатталды.