ҚКТЖК » Жаңалықтар » Жастардың бойында салауатты тамақтану дағдыларын және тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қалыптастыруды, ерте жүктілік пен суицидтің алдын алу

Жастардың бойында салауатты тамақтану дағдыларын және тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қалыптастыруды, ерте жүктілік пен суицидтің алдын алу

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Қызылорда облысының білім басқармасының және Облыстық жастар денсаулығы орталығының директоры Г.Нысанованың  хатына сәйкес «Жастардың бойында салауатты тамақтану дағдыларын және тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қалыптастыруды, ерте жүктілік пен суицидтің алдын алуды насихаттау бағытында 2023-2024 жылы атқарылатын іс-шаралардың бірлескен жоспарына» орай І-ІІ курс студенттері мен денсаулық саласы мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел болып өтті. 

Шара барысында Облыстық жастар денсаулығы орталығының мамандары Мазқожа Гүлназ Рысбекқызы мен, Алмурзаева Гүлдана Айтмағанбетовна «Репродуктивті денсаулықты қорғау» тақырыбында баяндама оқыса,  Қазалы аудандық жастар денсаулығы бөлімінің дәрігері Ә.Алиева мен мейіркеш М.Сағымбаевалар жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында кеңестерімен бөлісті. Бөлімше мамандары  студенттермен тақырып аясында тренинг ұйымдастырып, көкейтесті сұрақтарын қойып, пікір алмасып, өздеріне қажетті мағлұматтар алды.


11 қыркүйек 2023 ж. 10