«БАЛА ТӘРБИЕСІ-ИГІЛІКТІ ІС»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын алға байланысты І-ІІ курс студенттерінің ата-аналарының қатысуымен жиналыс болып өтті. Мақсаты-ата-аналарға кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын алу, интернет кауіпсіздігі мен суицид, зорлық-зомбылық, кибербуллинг, лудоманияның алдын алу бағытында ақпараттық-танымдық білім беру болып табылады.
Ата-аналарға «Құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейту мақсатында есірткінің заңсыз айналымына қатысты», «Синтетикалық есірткінің таралуы және дәріханалық нашақорлық проблемалары туралы» жіне жаз мезгілінде суға түсу ережелері мен алдын алу тұрғысында хабарлама берілді.