ҚКТЖК » Жаңалықтар » "ЕСТІ АЛҒАН ЕСІРТКІ"

"ЕСТІ АЛҒАН ЕСІРТКІ"

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Қызылорда   облысы әкімінің орынбасары Н.Сақтағановтың 02.06.2023 жылғы №05-3/3233-и санды хатына сәйкес «26   маусым-Халықаралық   нашақорлыққа  қарсы  күрес   күні»  аясында  атқарылатын   іс-шаралар жоспары», салааралық байланыста бекітілген «Нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы халықаралық күрес күніне» орай І курс студенттері арасында  нашақорлықтың алдын алу бағытында «Есті алған есірткі» тақырыбында денсаулық саласы мамандарының қатысуымен бірлескен түсіндірме  сағаты болып өтті. Іс-шараның   мақсаты-жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу, психикаға белсенді әсер ететін  заттарды тұтынудың әсері мен есірткінің зияндылығы туралы   ақпараттармен бөлісу, студенттерге салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Шара барысында Қазалы аудандық Жастар денсаулығы бөлімінің дәрігері Ә.Алиева мен Жастар денсаулық орталығының мейіркеші М.Жалғасбаева студенттерге жасөспiрiмдер арасындағы  нашақорлықтың зиянды әсері мен оның алдын алу шаралары туралы айтты. Жасөспірімдерге психикаға әсер ететін  заттарды тұтынудың алдын алу, есірткінің зияндығы туралы  бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды.


13 маусым 2023 ж. 0