ҚКТЖК » Жаңалықтар » "Жалпыға бірдей декларациялау"

"Жалпыға бірдей декларациялау"

“Мемлекеттік кірістер органдарының жұмысын насихаттау және ақпараттаныру” мақсатында 2023 жылы Салық Кодексінде енгізілген өзгерістер бағытында, кәсіпкерлігін жаңа бастаған салық төлеушілерге түсіндірме жүргізу және "Жалпыға бірдей декларациялау" тақырыптарында Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің “Түсіндірме жұмысы және байланыс орталығы” басқармасының басшысы Г.Карымсакованың және Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ж.Табынбайдың қатысуымен Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде мәжіліс өткізілді. Кездесу барысында білім беру ұйымының  қызметкерлері және студенттеріне жалпы салық түсінігі, салық саясаты, салық мәдениеті тақырыптарында, оның ішінде Жалпыға бірдей декларациялау, Жеке тұлғаның банкроттығы, Мемлекеттік кірістер саласындағы жобалар мен акциялар, қолданысқа енгізіліп жатқан мобильді қосымшалар туралы ақпараттандыру жүргізілді. Сонымен қатар, белсенділік танытқан колледж қызметкерлері мен студенттерінің толғандырған сұрақтарына, толыққанды жауаптар берілді.


06 маусым 2023 ж. 2