ҚКТЖК » Жаңалықтар » "ОҚУ ЗИЯНДЫ ЕМЕС, ОҚЫМАУ ЗИЯНДЫ!"

"ОҚУ ЗИЯНДЫ ЕМЕС, ОҚЫМАУ ЗИЯНДЫ!"

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі кітапханасында «Оқуға құштар колледж» іс-шаралар жоспарына сәйкес «Оқу зиянды емес, оқымау зиянды!» тақырыбы бойынша кітапханаға жаңадан келген кітаптарға жаңа әдебиеттерден флешмоб ұйымдастырылды.

Құрметті кітап сүйер қауым, сіздерді  кітапхана қорына жаңадан келіп түскен кітаптарды таныстыру, насихаттау мақсатында «Оқу зиянды емес, оқымау зиянды!»  атты кітап көрмесімен танысуға шақырамыз. 

Көрменің мақсаты- оқырман қауымды жаңа кітаптармен таныстыру, кітап оқуға тарту, қызығушылығын арттыру.

Кітап адам өміріндегі ең қажетті құндылық және ондағы білімді заман талабына сай жүйе арқылы бойымызға сіңіріп, сол арқылы өз-өзімізді тәрбиелей аламыз. Сондықтан, көп кітап оқып, кітап жанашыры болуға шақырамыз.


30 май 2023 ж. 0