ҚКТЖК » Жаңалықтар » "РӘМІЗДЕР-ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰМАРЫ"

"РӘМІЗДЕР-ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰМАРЫ"

Казалы көлік-техникалық жоғары колледжі кітапханасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Рәміздер- тәуелсіздік тұмары» атты  кітап көрмесі  ұйымдастырылды. 1992 жылдың 4 маусымында Тұңғыш Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері туралы» Заңға қол қойды. Бұл күн еліміздің тарихында мемлекеттік рәміздеріміз-Ту, елтаңба және әнұранымыздың алғаш рет бекітілген күні болып қалды. 2007 жылдың 4 маусымынан бастап, қазақстандықтар бұл күнді мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекелей бастады. Көрменің мақсаты- жастарға қазақстандық патриотизм, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін кеңінен дәріптеу және дамыту, Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға деген құрмет сезімін қалыптастыру. Көрмеге мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы жайлы, авторлардың өмірбаяны, егемендікті еншілегенге дейінгі еліміздегі тарихи рәміздер туралы материалдармен мерзімді баспасөз беттерінен алынған  мақалалар қойылды.


02 маусым 2023 ж. 4