ҚКТЖК » Жаңалықтар » "МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР-ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШЫМЫЗ!"

"МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР-ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШЫМЫЗ!"

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде  4 маусым- Мемлекеттік рәміздер күніне  орай  «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз"

тақырыбында таным сағаты болып өтті. Білім алушылардың Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің туын, елтаңбасын, әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында тарих пәнінің оқытушысы М.Раймбердиевтің ұйымдастыруымен  өткізілген  шарада рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы туралы айтылды.

Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесін айқындайтындығы студенттерге бейнекөріністермен берілді.


31 май 2023 ж. 0